«Нұр әлем» көрме кешенінің павильонында Елбасының қатысуымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қоғам өмірінің барлық аспектілеріне жастардың кең ауқымда және тиімді қатысуы үшін Жастар жылының маңыздылығын атап өтті.

Ашылу салтанатында спикерлер ретінде әртүрлі салада жетістікке жеткен жастардың белсенді және креативті өкілдері, оның ішінде жас кәсіпкер Расул Абдуллаев, Жас ғалым және стартапер Иван Крепак, волонтерлер өкілі Айсұлу Ернимязова, аграрлық сала өкілі Тамила Розметова сөз сөйледі.

Іс-шараға «100 жаңа тұлға» байқауның жеңімпаздары, «Болшақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, студенттер және жұмысшы жастар, жас спортшылар, дарынды балалар, танымал блогерлер мен вайнерлер, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері т.б. қатысты.

Жастар жылы – Қазақстан үшін алғаш рет бастау алған бірегей және кең ауқымды оқиға екенін естеріңізге сала кетеміз. Елбасының Жарлығымен 2019 жыл жастар жылы болып жарияланып, оның аясында мемелекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдауға және іске асыруға бағытталған шаралар қабылданатын болады.