Орталық коммуникациялар қызметінде А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының 2018 жылғы қызметінің қорытындысына арналған баспасөз-мәслихаты өтті.

«Ақмола облысының 3000 га жер учаскесін таңдап, тәжірибелік полигондар ұйымдастырылды. Орталықта жұмыс істейтін қызметкерлер мен ғылыми кадрлардың бірлескен күші арқасында 2018 жылы жаздық бидайдың өнімділігі – 22,5 ц/га болды. Нақты егіншілік полигондары бойынша орташа өнімділік - 25,4 ц/га, ал дәстүрлі егіншілік технологиясы бойынша егілген егіннің өнімділігі 18,7 ц/га болды», - деп мәлімдеді А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры Кенже Абдуллаев.

Айтуынша, аудан мен облыс бойынша орташа өнімділік, сәйкесінше, 12,2 және 12,7 ц/га.

Айта кетсек, 2018 жылы А.И. Бараев атындағы АШҒӨО базасында «нақты егіншілік» бойынша жоба басталған болатын. Жоба аясында жаздық бидай негізінде нақты егіншіліктің ресурс үнемдеу технологиялары мен дәстүрлі егіншілік салыстырмалы түрде қарастырылды. Нәтижесінде, нақты егіншілік полигондарындағы өнімділік гектарынан 25,4 центнер болып, ресурстар орташа есеппен 5-15 пайызға үнемделді.