20 қаңтар күні Мәскеудегі Третьяков галереясында Көрсетілім Ресей Федерациясындағы ҚР Елшілігінің ұйымдастыруымен «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің көрсетілімі өтті.

«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің Мәскеудегі алғашқы көрсетілімі. Біз орыс тіліндегі нұсқасын YouTube желісіне салдық. Бір айдың ішінде көргендер саны миллионнан асты. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Комментарийлер өте жақсы. Әлемнің түкпір-түкпірінен: Түркия, Ресей, Ауғанстан, Иран, Латын Америка елдерінен. Түрле елдердің тұрғындары біздің фильмімізге, қазақ және түркі тарихына және көшпенді мәдениетіне қызықғушылық танытып жатқандары қуантады, - деді фильмнің режиссері Рүстем Әбдірашов.

Аталған фильм 15 ғасырда Қазақ хандығының құрылуы және Жәнібек пен Керей сұлтандардың тарихи орындары туралы баяндайды. Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. «Қазақ хандығы» жобасының идея авторы Нұрсұлтан Назарбаев.

Фильм мәскеулік көрерменнің және ондағы қазақ диаспорасының көңілінен шыққан.

Айта кетсек, «Қазақ хандығы» сериалның екінші маусымы аяқталып, көрерменге жол тартуға дайын. Аталған сериалдың кинонұсқасы «Қазақ хандығы. Алтын тақ» тұсаукесері 2019 жылдың бірінші жартысына жоспарланған.

Фильм туралы ақпараттық анықтама бере кетсек, ХV ғасырдың орта тұсындағы тарихи оқиғалар баяндалады. Қара теңіз жағалауынан Моңғолияға дейінгі Еуразия кеңістігінде бір кезде зор қуатты империя болған Алтын Орда құлағаннан кейін бірнеше жеке хандықтар құрылды. Олардың ішінен қазіргі Қазақстанның аумағын жайлап жатқан Ақ орда ерекшеленді. Ақ орда билігі Шыңғысханның немересі, Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің әулетіне тиесілі болды. Арада уақыт өте келе Шайбаниттердің кіші тармағынан шығатын Әбілқайыр өз билігін күшейтіп, жеке хандық құрды. Ол көшпенділерге қатыгез, аяусыз саясат ұстанған болатын.

1460 жыл. Орда Еженніңұпақтары– Кереймен Жәнібектің айналасына біріккен ондаған мың көшпенділер ақсақалдар кеңесінде шешім қабылдап, Әбілқайырдан бөлініп шығады. Сұлтандар Моғолстанның шекарасына дейін жеткенде, жергілікті билеуші Есен-бұға оларға қоныс беруге келіседі. Есімі аңызға айналған абыз Асанқайғы да көшке ілесіп, бөлініп шығуға себеп болған оқиғаларды жырына қосады.

Жәнібек пен Керей Әбілқайырдың хандығынан бөлініп, өз ұлыстарын құруға бекінді. Керей мен Жәнібекке қосылған рулардың басшы-билері құрылтай өткізеді. Ең алдымен, жұдырықтай жұмылған ынтымақ керек екенін ескерген олар Керейді хан сайлап, Қазақ хандығының құрылғанын паш етеді.