2019 жылдың 30 наурызында сағат 19.30-22.00 аралығында «MEGA Silk Way» СОО «Жер Сағаты – 2019» халықаралық акциясына арналған салтанатты іс – шара өтеді.
«Биылғы жылы акция әлемде 13-ші рет өткізіліп, барлық адамдарды наурыз айының соңғы сенбісінде жергілікті уақыт бойынша 20:30-дан 21:30-ға дейін жарықты өшіруге шақырады. «Жер сағаты» - бұл ғаламшар табиғаты мен ресурстарына ұқыпты және жауапты қарауға назар аударатын ғаламшардағы экологиялық акция. Оған бүкіл әлем бойынша 2 млрд. астам адам қатысады, акцияға 175 елдің 7000 қаласының тұрғындары қосылады», - деп мәлімдеді «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Абаканов.
Жыл сайын акция аясында Биг-Бен және Вестминстер сарайы, Эйфель мұнарасы, Колизей, Египет пирамидалары, Ватикандағы Әулие Петр Соборы, Афина акрополі, Сидней опера театры, Нью-Йорктегі Эмпайер-стейт-билдинг және т.б. сияқты танымал көрікті жерлерде бір сағатқа жарық сөндіріледі.
«Астанада сағат 20.30 - да ең танымал ғимараттар мен ескерткіштердің жарықтандырылуы өшіріледі, атап айтқанда: «НҰР-Әлем» сферасы, «MEGASilkWay» СОО, Триумфалды Арка, Астана-Бәйтерек монументі, «Астана Опера» опера және балет театры, «Қазмедиа орталығы» телеорталығы, «Қазақстан темір жолы» РМК әкімшілік ғимараты, Тәуелсіздік Сарайы, Бейбітшілік және келісім мұражайы, Хазірет Сұлтан мешіті және т. б.», - деді Елдос Абаканов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында.
Айта кетсек, акцияның ұйымдастырушылары - «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ, «Жасыл экономика және G-Globalды дамыту коалициясы» ЗТБ, сондай-ақ қала әкімдігі мен ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен «Тұрақты даму Жер қоры» ҚҚ.
Сонымен қатар, 2019 жылы «Табиғатқа тағзым» акциясы өтеді. Ормандар, өзендер және сирек кездесетін жануарлар өздерінің проблемалары туралы айтып бере алмайды, әсіресе өзекті мәселені шеше алмайды, бұл тек адамға ғана берілген нығмет. Алдыңғы акциялар қауіпсіз азық-түлікпен, жаһандық жылынумен, экологиялық санамен және қоршаған ортаны қорғауға байланысты басқа да мәселелермен байланысты болды.
«Осы сағатты бізбен бірге өткізуге шақырамыз, Сіздерді #earthhour2019kz #connect2earth хэштегтері бойынша әлеуметтік желілерде ең танымал жазба байқаулары, зияткерлік викторина, іс-шара серіктестерінен тартулар мен сыйлықтар күтетін болады», - деп атап өтті.