21 мамырда Tech Garden-де StartUp Kazakhstan халықаралық акселерация бағдарламаның үшінші қабылдау ресми түрде ашылды.

Дәстүрлі түрде бағдарлама басында іріктеуден өткен командалар ұйымдастырушылармен, бір-бірімен танысу және өз жобалары туралы айту үшін Алматыға жиналады. Сондай-ақ стартта қатысушылар акселерация ережелері мен шарттары бойынша кеңес алады, ол мәреде өзінің стартапын рынокқа жіберу үшін барынша нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

StartUp Kazakhstan акселерациялық бағдарламасының үшінші толқынына өтінімдер қабылдау 2018 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында өткізілді. Он елден 500-ге жуық өтінім келіп түсті. Бұл жолы жобаның географиясы Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Литва, Польша және Норвегияны қамтыды. Командалар электронды коммерция, білім беру, қаржы технологиялары, Индустрия 4.0, смартсити, телекоммуникация салаларында жаңа шешімдер ұсынды. Сарапшылар 40 үздік ұсынысты іріктеп алды.

«Алғашқы екі толқын сияқты біз Қазақстанның, сондай-ақ шетел рыноктарының өнеркәсіптік және бизнес-секторларына ықпалдасу әлеуеті айқын болатын барынша пысықталған және перспективалы идеяларға басымдық береміз», - дейді Tech Garden ДКҚ бас директоры Санжар Кеттебеков.

StartUp Kazakhstan халықаралық акселерация бағдарламасы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен Tech Garden ДКҚ іске асырылуда және шағын және орта бизнес рыноғында жоғары технологиялық компаниялардың сыни массасын құруға бағытталған. Стартаптарға инвестицияларды тарту және қаржыландыру үшін Tech Garden Ventures халықаралық венчурлық қоры құрылды.

«Акселерация әрбір стартаптың диагностикасынан басталады, одан кейін оны дамытудың жеке жоспары мен 3 айға созылатын мақсатты білім беру бағдарламасы жасалады. Бизнес-акселераторларға қарағанда, бізде стартап өнімінің технологиялық бөлігін «айдау» үшін бөлек құрам бар. Әр командаға коуч бекітіледі, ол тапсырмаларды қояды және күнделікті жетістікті қадағалайды» - дейді Санжар Кеттебеков.

Бағдараламаға қатысушылар 31 мың АҚШ долларына дейін қаржыландыру алады. Барлық стартаптар инвестициялық шартқа қол қойып, Қазақстан Республикасында ЖШС ашады. Ақша осы ЖШС-ның шоттарына аударылады және шарт талаптары бойынша алынған инвестициялар стартап-компаниялар тек өз өнімін Қазақстанда дамытуға жұмсайды. Бұл венчурлік тарихты стартап жасайтын бастапқы инвестициялар. Акселерация процесінде де, одан кейін де Tech Garden ауқатты стартаптарға іргелі инвестициялар тарту үшін венчурлік инвесторлармен және корпоративтік сектормен кездесулер өткізеді.

StartUp Kazakhstan бағдарламасының бірінші және екінші толқыны 2018 ж. өтті. Оған қатысуға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан, Болгария, Польша, АҚШ елдерінен 2 мыңнан астам стартап өтінім берді. Сараптамалық мұқият іріктеудің нәтижесінде 69 стартап (Қазақстанның 30-ы және ТМД елдерінің 39-ы) акселерациядан өтті. 2018 ж. стартаптар 250 жұмыс орнын құрды. Жас компаниялардың жиынтық түсімі 550 млн.теңгеден астам болды. Барлық жобалар нәтижелер көрсетті, кейбіреулері 200-300% өсті.