Құрметті БАҚ өкілдері!

2019 жылғы 7 қараша күні сағат 12:20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Астана клубы» халықаралық пікірталас алаңының алдағы V отырысы туралы брифинг өтеді. Брифинг барысында Еуразия аумағының қызу қақтығыс аймағына айналу қауіпі жайлы сөз қозғалады.

СПИКЕРЛЕР: Ержан САЛТЫБАЕВ, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры(ӘЭСИ), Қайрат ӘБУСЕЙІТОВ, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының халықаралық бағдарламалар жетекшісі, және ӘЭСИ сарапшылары Жұмабек САРАБЕКОВ пен Ерлан МАДИЕВ.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау және өзге туындайтын сұрақтар бойынша +7 (7172) 55-93-47 телефоны арқылы, sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы немесе WhatsApp мессенджері бойынша 2019 жылғы 7 қараша күні сағат 11:00-ге дейін хабарласуға болады. Қазмедия орталығына кіру сағат 11:30-дан басталады.