Құрметті БАҚ өкілдері!

2019 жылдың 15 қараша күні, сағат 14:20-да ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында 24 қарашада Польшаның Гливицие қаласында өтетін Junior Eurovision 2019 («Балалар Евровидениесі») байқауының ақтық мәресіне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

СПИКЕРЛЕР: «Хабар Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы - Ерлан БЕКХОЖИН, «Хабар Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары – Ринат КЕРТАЕВ,«Балалар Евровидениесі» байқауында Қазақстанды таныстыратын өкіл - Ержан МАКСИМ, Ержан Максимнің анасы - Гүлмира ӘЛІБЕК.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7(7172) 55-93-47 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 15 қараша күні сағат 12:00-ге дейін хабарласуға болады.