Құрметті БАҚ өкілдері!

2020 жылғы 24 қаңтар күні сағат 16:20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы ауыл-аймақтарында қасқырлар туралы тарап жатқан ақпаратқа байланысты баспасөз конференциясы өтеді.

СПИКЕРЛЕР:

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Нариман ЖҮНІСОВ;

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің өкілі.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7 (7172) 55-93-40 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2020 жылғы 24 қаңтар күні сағат 15:00-ге дейін хабарласуға болады.