Құрметті БАҚ өкілдері!

2020 жылғы 10 қаңтар күні сағат 15:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысындағы BekAir әуекомпаниясы ұшағының апаты себептерін анықтау бойынша үкіметтік комиссия жұмысының алдын ала болжамы бойынша мәлімдеме жасалады.

Баяндамашылар:

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман СКЛЯР;

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берик КАМАЛИЕВ;

Мемлекетаралық авиациялық комитеттің бас директоры Виктор СОРОЧЕНКО.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7 (7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2020 жылғы 10 қаңтар күні сағат 12:30-ға дейін хабарласуға болады.