«Қандай да болмасын вакцина адам ағзасына түскеннен кейін бірнеше сағаттан кейін әсер ете бастайды. Оның белгілері: ағзда ауыртпалық, делсалдықлықтың болуы, инъекция орнының ауруы, дене қызуының көтерілуі, бұлшықет, қан тамырларының ауруы. Бұл белгілер үш күнге дейін болуы мүмкін және арнайы емді қажет етпейді. КВИ қарсы вакцина ағзаға түскеннен кейін 12-28 күннен кейін белсенді түрде антиденелер шығарып, имунитет қалыптастырады. Әр адамда әртүрлі болады. Иммунитет толық қалыптаспай тұрып, екпе салдырған адам көпшілік орынға барса, басқа да шектеулі іс шараларды бұзса, яғни маскасыз жүрсе, әлеуметітк қашықтықты сақтамаса, сол кезде вирус жұқтырып алып, ауырып қалу қаупі жоғары. Бірінші вакцинациядан кейін антиденелердің ағзадағы концентрациясы әлі де болса аз және вирусты жұқтырудан толық қорғай алмайды. Осыған байланысты КВИ инфекциясына қарсы вакцина екі компоненттен тұрады», - деді ДСМ өкілі. 


Бұл ретте спикер вакцинаның 2-ші дозасын алғаннан кейін де ағзада КВИ қарсы антиденелердің конентрациясы түзілмей тұрып, вируспен немесе вирус тасымалдаушы адаммен байланыста болудың нәтижесінде азаматтар ауырып қалуы мүмкін екендігін атап өтті. Алайда вакцина алған адамдар жеңіл түрде ауырады. Маманның айтуынша, ауырғаннан кейін 3-6 ай аралығында егілуге болады.