Оның айтуынша, Ақтөбе, Маңғыстау, Алматы облыстарынан күштер мен құралдар топтамасы жеткізілді. Жергілікті тұрғындар мен еріктілер көмектеседі.


Теміржол және автожолымен Маңғыстау облысына, Теңіз және Атырау кен орындарына 26 109 адам, оның ішінде 5834 бала эвакуацияланды.

«Құлсары қаласында 14 уақытша орналастыру пункті ашылды. Халыққа барлық көмек көрсетіледі. Көмек көрсету бойынша жедел желі жұмыс істейді. Тұрғындар ақпаратты уақытылы алады, барлық ескертуге жауап беріледі, авариялық-құтқару жұмыстары уақытылы жүргізіледі. Су деңгейі төмендеді», - деп түйіндеді спикер.