Соңғы тәулікте Жылыой ауданының Құлсары қаласында 155 тұрғын үйде, 2 кәсіпкерлік объектісінде электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. Бұл жұмыстарға 4 бригада мен 6 техника жұмылдырылды. 329 үйде газбен жабдықтау қалпына келтірілді.   

Бүгінгі таңда сорылған судың көлемі 2 млн текше метрден асады, су 1821 жеке тұрғын үйден алыстап кетті. 

«Бүгінгі таңда залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 2613 өтініш қабылдады, нысандарды тексеру жұмыстары жалғасуда. 3,5 мыңнан астам адам біржолғы материалдық көмек алды», - деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев ОКҚ алаңында өткен брифингте. 

Жайық өзеніндегі жағдайға тоқталған спикер Индер ауданында су деңгейі +13 см, Махамбет ауданында – +7 см, Атырау қаласында – +3 см екенін атап өтті.