Қала сыртындағы балаларды сауықтыру ұйымдарын республикамыздың оңтүстік өңірлерінде 1 маусымнан бастап 10 маусым аралығында, басқа өңірлерде 15-20 маусымнан кейін ашу жоспарлануда.

«Сауықтандыру ұйымдарының дайындығы қажетті деңдейде жүріп жатқан жоқ. Тек 48 қала сыртындағы балаларды сауықтыру ұйымы ғана санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алған», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров.

Айта кетсек, қазіргі уақытта министрліктің бақылауында 7000 астам балаларды сауықтыру ұйымы бар, оның ішінде 236-сы қала сыртындағы балаларды сауықтыру ұйымы.