Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Карачи қаласының «Джинна» халықаралық әуежайы маңында апатқа ұшыраған ұшақта қаза тапқан және зардап шеккен адамдарға байланысты Пәкістан Президенті Ариф Алви мен сол елдің халқына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

– Жантүршігерлік апатта жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақпын. Қаза қайырлы болсын. Жаратқан марқұмдардың жатқан жерін жайлы етсін. Ал жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін, – делінген жеделхатта.

www.akorda.kz