"Тұрақты әлеуметтік даму – мықты мемлекет" атты ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өткен ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудың алғашқы қорытындыларын талқылауға арналған панельдік сессияны өткізу барысында кәсіби сарапшылар өз пікірлерімен бөлісті және мемлекеттің үдемелі дамуына бағытталған бірқатар идеяларды ұсынды.

Талқылауға М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының директоры Александ Сидорович, ҚР БҒМ тарих және мемлекет институтының бас ғылыми қызметкері Марал Қалиева, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас сарапшысы Жанар Тулиндинова, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Экономика кафедрасының аға оқытушысы Тимур Раскалиев, Еуразиялық интеграция институты социологиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы Алмагүл Мусина қатысты.

Сарапшылар өз сөздерінде мемлекеттің табысты дамуының басты факторларының бірі ретінде әлеуметтік құрамдас бөлікті атап өтті. Сарапшылардың айтуынша, ағымдағы Жолдауда Мемлекет басшысы әлеуметтік жаңғыртуға басты назар аударады, бұл жалпы алғанда, Қазақстанда адами капиталды дамытуға баса назар аударатын әлеуметтік мемлекет ретінде нығайтуға ықпал етеді.