Мемлекет басшысы өз жолдауында браконьерлік үшін жауапкершілікті күшейту жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

Осы орайда, бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов, ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті Жануарлар әлемі және аң шаруашылығы басқармасының басшысы Айтуар Туғанбеков.

Тапсырманы іске асыру шеңберінде ішкі істер министрлігі экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен, Бас прокуратурамен бірлесе отырып, браконьерлік үшін жазаны қатаңдатуға қатысты заңнамаға бірқатар түзетулер енгізді.

Енді заңсыз балық аулағаны, заңсыз аң аулағаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілерімен заңсыз айналысқаны, заңсыз ағаш кескені үшін ҚК-де санкция және т. б. ұлғайтылады.

Ішкі істер министрлігі браконьерлікке қатысы бар адамдардың есебін жүргізу мақсатында "ақбөкенді аңшы" (ақбөкенді аң аулаумен айналысатын тұлға); "дериваттарды өткізуші/сатып алушы" (ақбөкен дериваттарын тасымалдаумен, сақтаумен, сатумен және сатып алумен айналысатын тұлға) есебі енгізілді.

Бүгінгі күні бұл есепке 80-нен астам адам алынды, - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов.

Ағымдағы жылдың қазан айында ел аумағында табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған "Браконьер" іс-шарасы өткізілді. Жалпы іс–шара нәтижелері бойынша 2 мыңнан астам табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық анықталған. ды, оның ішінде: заңсыз аң аулау – 1155, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу – 160, заңсыз балық аулау – 642, биологиялық ресурстар объектілерін және олардың өнімдерін заңсыз сатып алу, өткізу және алып жүру – 31, аңшылық қаруды алып жүру және тасымалдау ережелерін бұзу – 310 (2442), заңсыз аң аулау – 1155, заңсыз балық аулау, басқа – 144.

Анықталған фактілер бойынша 192 адамға қатысты 177 сотқа дейінгі қылмыстық тергеу басталды, оның ішінде жедел-іздестіру шаралары кезінде 51 адамға қатысты 47 іс сотқа жіберілді.