Top.Mail.Ru

Әлемде коронавирусты емдеуге ұсынылатын бірде-бір дәрі жоқ. Ол әлі әзірленбеген, клиникалық дәлелденбеген. Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сұрақтарына жауап берген Алексей Цой баршаға белгілі фактіні жасырмады. Қазіргі кезде көбі қолданылатын дәрілердің, нақтырақ айтқанда, Фавипиравирдің тиімділігіне күмән келтіруде. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, ықтимал тәсілдер бар және болжамды түрде көмектесе алатын препараттар да болады.

«Егер кейбіреулері бұл дәрі көмектеспейді деп жатса, басқалары препараттың тиімділігі туралы айтады, және олардың саны басым. Бұл дәрі ресейлік емдеу хаттамаларының бәрінде бар, Түркияда шығарылады және Үндістанда, Жапонияда да емдеу схемаларында пайдаланылады. Яғни, біз басқа елдердің үздік тәжірибесін қолданамыз. Бұрынғы препараттар әлдеқайда уытты болды. Қазір нәтиже барын көріп отырмыз, науқастардың көбі жазылып шығуда. Одан жақсы препарат табылса, бұдан жақсырақ көмектессе, біз оны емдеу хаттамасына қосамыз. Біз үшін пациенттердің емделуі өте маңызды. Біз дәрі-дәрмекті ойлап тапқанша бір жыл күте алмаймыз. Барлық елдер коронавируспен күресуге көмектесетін жаңа тәсілдер мен дәрі-дәрмектерді іздеуде», - деді елдің бас дәрігері.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!