Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 224,7 мың адам қатысты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік бағдарлама аясында 185 мың адам жұмыспен қамтылды.

Көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде бос жұмыс орындарына 99 мың адам, қоғамдық жұмыстарға – 62 мың, әлеуметтік жұмыс орындарына – 13 мың, жастар тәжірибесіне – 11 мың адам орналастырылды.

Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде 255 мың жұмыс орнын, оның ішінде 15 мың тұрақты объектілерде құруды қамтамасыз ететін 6,5 мың инфрақұрылымдық жобаны іске асыру көзделген.