Медиа контентті барынша тұтыну, гаджеттердің көбеюі және ата-аналардың әрекетсіздігі интернет-қудалаудың артуына әкеп соқтырады.

Мұны болдырмаудың жолы бар ма? Бірінші кезекте, фотоларды фильтрлеу. Балалардың суреттерін әлеуметтік желілерде жариялағанды доғарыңыз. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифингте «Expo&Women» халықаралық ұйымының басқарма төрайымы Ләзат Асқарова осындай пікір білдірді. Атап айтқанда, спикер «күлкілі» және «ақымақ» сәттерде түсірілген суреттерге қарсылық танытты.

«Сіз балаңызға сүйсіне қарайсыз, ал біреулер оны теріс мақсатта пайдалануы мүмкін. Фотоны мұрағатта сақтап алып, көп жылдан кейін бұл фотосуретті немесе жағдайды қорлау құралына айналдырады. Сонымен қатар, ата-аналарға арналған сауалнама әзірлеу керек. Өйткені, көптеген адамдар баламен қалай сөйлесуді, оған қандай сұрақтар қою керегін білмейді, бала «Бұл сіздің шаруаңыз емес» деп жауап береді деп қорқамыз. Бұл жағдайды өзіміздің түсінгеніміз маңызды. Психологиялық көмек пен бір-біріңізге қолдау көрсету қажет», - деді қоғам қайраткері.

Қолданыстағы технологияларды пайдалануға да болады, - деді Орталық Азия, ТМД және Балтық елдеріндегі Kaspersky Lab басқарушы директоры Евгений Питолин. Есесіне, күш-жігеріңізді балалар мен ата-аналардың баға жетпес серіктестік қатынасын насихаттауға бағыттаған жақсы.

«Не болып жатқанын бақылауға, көру уақытын шектеуге немесе өлшеуге мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалар бар. Бірақ желіні бақылау технологиясы ретінде емес, жақсы насихат құралы ретінде пайдалану керек. Мемлекет балалардың ең басты құндылығы екенін және оларды цифрлық кеңістікке жалғыз жіберуге болмайтынын насихаттау бағдарламасын онлайн және оффлайн түрде іске қосуы тиіс. Ата-аналар онлайн-серіктес, баланың серігі және ол үшін беделді болуы керек. Меніңше, бұл үгіт-насихат науқаны жалғыз дұрыс технология, ал қалғанының бәрі тек сүйенуге болатын қосымша құралдар», - деп қорытындылады сарапшы.