Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин инфекциялық аурулар бойынша әлемдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтты.

«Бүгінгі таңда қазақстандық туристердің шетелге шығу сапарлары кеңейді, яғни біздің туристер бізге таныс елдерге ғана емес, экзотикалық елдерге де барады. Бұл Африка, Орталық және Оңтүстік Америка, Бразилия, Доминикан Республикасы, Мальдив. Осының бәрі бірден, ал кейбіреулері бірнеше айдан кейін пайда болуы мүмкін аса қауіпті және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралу қаупін арттырады», – деп атап өтті Ж. Бекшин.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, соңғы екі жылда Қазақстанда Тайланд, Үндістан, Сингапур және Вьетнамнан әкелінген Денге қызбасының 9 жағдайы және тырысқақтың 10 жағдайы тіркелген.

Осылайша, Қазақстанға инфекциялардың сырттан әкеліну қаупі үнемі бар екенін айтып өтті.

Сонымен қатар, шетелге демалуға шығатын туристерге Комитет сайтында орналастырылған жадынамада көрсетілген барлық ұсыныстарды ескеру қажет екендігін айтты.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!