«Е-Salyq – Azamat» электрондық салық әмияны салықты 2 минут ішінде төлеуге мүмкіндік береді

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге арналған «Е-Salyq – Azamat» электрондық салық әмияны» мобильдік қосымшасын іске қосты, ол салықтарды деректемелерді толтырудың күрделі жүйесінсіз төлеуге мүмкіндік береді, деп хабарлады ОКҚ-да халықпен есепті кездесу барысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан ЖАМАУБАЕВ

Министрдің айтуынша, салық әмиян 2 минут ішінде онлайн-толықтыруға, автоматты түрде есепке алуға және автоматты түрде салықтарды төлеуге мүмкіндік береді және дұрыс емес төлемдерді толығымен жояды. Мобильді қосымша тіпті атоматты түрде салық төлеу жүйесін күйге келтіруге мүмкіндік береді.

«1 маусымдағы мәлімет бойынша, салық әмиянын 22,7 мың пайдаланушы жүктеген. Біз оны енгізу жыл соңына қарай салықтарды қолма-қол ақшасыз төлеу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді және салықтардың уақтылы түсуінің айтарлықтай өсуін қамтамасыз етеді деп есептейміз», - деді Қаржы министрі.

Сондай-ақ алдағы төлемдер сервисі іске қосылды, ол салық сомасын төлеу мерзіміне дейін білуге және дайын деректемелер бойынша төлеуге мүмкіндік береді.