Павлодар облысында қосымша 2 ПТР зертхана ашылады. Олардың бірі Павлодар ауданында емхана негізінде, екіншісі Екібастұзда ЖҚТБ-ның алдын алу және күрес орталығы филиалының негізінде жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар, облыстық туберкулезге қарсы диспансерде де зертхана ашу мәселесі қаралуда. Жалпы, облыс бойынша бүгінде 68 210 ПТР зерттеу жүргізілді. Тесттердің 2 пайызы оң нәтиже көрсеткен.