Бұл ретте ол жарна төлеуден босатылмайды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасы Болат Төкежанов журналистің сұрағына берген жауабында осылай деді.

«Егер де жұмысшы жаңа қызметке орналасқанша Халықты жұмыспен қамтамассыз ету орталығына барып жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда, сол азамат үшін мемлекет жарна төлейді. Алайда, жұмыссыз ретінде тіркелмеген жағдайда, азамат немесе азаматша өз-өзіне ай сайын 2125 тенге төлеу қажет», - деді ол.

Спикердің атап өтуінше, қазақстандықтарға карантин уақытында кірісінің жоғалуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бір реттік төлем алған кезеңдерді төленбеген айларға жатқызбау туралы шешім қабылданған болатын. Сондықтан, азаматтардың карантин кезінде 42500 тенге алған айлары МӘМС жүйесінде қарыз болып есептелмейді.