Короновирус пандемиясы бизнестің барлық салаларына әсер етті. Экономикада жұмыспен қамтылғандардың 66% - дан сәл астамы жұмыс істейтін қызмет көрсету саласы ең осал болып шықты. «Атамекен"» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай деректерді келтірді.

2020 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша қызметтер өндірісі 6,1% - ға қысқарды. Нәтижесінде ЖІӨ 3,0% - ға төмендеді (ҚР ҰЭМ деректері).

«Атамекен» ҰКП республикада төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап қазақстандық бизнес үшін пандемияның теріс салдарын жою жедел штабын құрды. Осындай штабтар әрбір өңірлік кәсіпкерлер палатасында құрылды. Жедел штаб жұмысы аясында ҰКП call-орталығы арқылы бизнеспен кері байланыс орнатылды, коронавирустың салдарынан кері байланыс алу және бизнес проблемаларын қалыптастыру үшін онлайн-сауалнамалар іске қосылды»,-деді елдің бас кәсіпкері.

Төтенше жағдай режимі кезінде палатаға түрлі арналар арқылы 55 мыңнан астам өтініш келіп түсті.