ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Экономикалық тергеу департаментінің тергеу басқармаларының басшылары Олжас Сүлейменов пен Болат Қамитов баспасөз конференциясын өткізді.

Олжас Сүлейменов Экономикалық тергеу қызметінің негізгі міндеттері: көлеңкелі экономика көлемін төмендету және кәсіпкерлікті бәсекелестіктен қорғау; халықтың өмірі мен денсаулығын заңсыз ойын бизнесі мен алкоголь өнімін суррогаттан қорғау; әлеуметтік нысандарды салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілерінің жолын кесу; экономиканы сауықтыру және инвесторлардың сенімін арттыру болып табылатынын атап өтті.

2019 жылы Нұр-сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде 200 – ге жуық қылмыстық іс болды, оның 108-і сотқа жіберілді.

Жұмыс барысында мемлекет бюджетіне 2,5 млрд.теңге өтелді. Спикерлердің ақпараты бойынша, 2019 жылы алдын алу шаралары аясында ҚР Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің басшылары мен өкілдерінің, сондай-ақ қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерінің қатысуымен кеңестер өткізілді.

Кездесу барысында пікір алмасуды ескере отырып, өзара іс-қимыл және ақша қаражатын криминалдық қолма-қол ақшаға айналдыруға және капиталды шетелге шығаруға қарсы іс-қимыл бойынша тиімді шаралар қабылдау жөнінде бірқатар ұсыныстар әзірленді.

Сондай-ақ, 2019 жылы ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысатын бірқатар қылмыстық топтар әшкереленді. Мемлекетке келтірілген шығын 2 млрд. теңгені құрады.

"Стоп-ойын" жедел-алдын алу іс - шаралары шеңберінде жұмыс жүргізілді-135 құмар орындар анықталды. 100-ден астам ойын аппараты алынып, жойылды. Сот шешімі бойынша кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі күні 2020 жылы 10-нан астам ойын аппараты, терминалдар және басқа да тасымалдаушылар тәркіленді.