Орман өрті санының өсуіне қарамастан өрттің ауданы 1,8 есе азайған. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.

Мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі орман өрттерінің жалпы ауданы бүгінгі күні 65 437,6 га құрайды.

«Орман қорын сақтау үшін сексеуілдің барлық түрін шабуға 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін және «Ертіс орман» резерватының мемлекеттік орман қоры учаскесіндегі барлық ағаш түрін шабуға тыйым салынды», - деді ол.

Сонымен қатар, 2019 жылдың көктемгі мезгілінде 26,7 мың га ауданда ағаш отырғызылды және күзгі мезгілде 35,9 мың га ауданда егу жұмыстары өз жалғасын таппақ.

Ал биыл көктемде Корей Республикасының орман шаруашылығы қызметімен бірлесіп Арал теңізінің түбінде 5,0 мың га ауданда сексеуіл ағаштары отырғызылған.