ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ішкі авиарейстерді жаңғырту кезінде санитарлық-карантиндік бақылауды күшейту мәселелеріне арналған онлайн-баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға спикерлер ретінде, Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер С.Байғабулов және көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің санитарлық-карантиндік пункттерінің басшысы Д. Әзімбаева қатысты.

Көліктегі бас санитарлық дәрігер С. Байғабыловтың ақпараты бойынша, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасындағы ішкі авиарейстерді жаңарту кезіндегі негізгі санитарлық-эпидемиологиялық талаптар:

  • жолаушыларда COVID-19 теріс нәтижесі бар медициналық анықтаманың болуы (ПТР-диагностика);
  • әуе кемесінің бортына дұрыс отырғызу (бір орнды бос қалдыру арқылы) ;
  • әуе кемесінің бортында, әуежайларда медициналық маскаларды міндетті түрде алып жүру;
  • әуе кемесінің бортында, әуежайлар аумағында міндетті дезинфекциялау шараларын жүргізу;
  • әуежайларда жолаушыларға міндетті байланыссыз термометрия жүргізу;
  • арнайы базаларға деректерді енгізу үшін межелі орынның санитарлық-карантиндік пункттерінің қызметкерлеріне сауалнамаларды кейіннен бере отырып, жолаушыларға сауалнама жүргізу.

"Межелі пунктке келген жолаушылар карантинге оқшауланбайды", - деп атап өтті С. Байғабұлов.