Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің коронавирустық инфекциямен күрес шеңберіндегі шектеу шаралары туралы жаңа Қаулысына сәйкес қонақтарға қойылатын талаптар өзгерді. Толығырақ Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова айтып берді.

Оның айтуынша, теміржол, теңіз, өзен көлігі, автоөтпе жолдардағы өткізу пункттері арқылы келгендер термометриядан, сауалнамадан өтеді және COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтама ұсынады. Айтпақшы, құжат бесінші күннен кейін жарамсыз. Егер ол болмаса, онда сіз шекарада сынақтан өтуіңіз керек.

«Әуе рейстері бойынша бірінші санатқа 12 ел – Қытай, Тайланд, Моңғолия, Малайзия, Египет, Гонконг, Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапур, Германия, Беларусь, Әзірбайжан кірді. Сол жерден келгендер тек термометрия мен сауалнамадан өтеді. Екінші санатқа 21 ел кірді. Термометрия мен сауалнамадан басқа, оларда КВИ жоқтығы туралы анықтама болуы тиіс», - деп түсіндірді Қожапова.