Елордалық №5 емхананың 7 бригадасы тәулік бойы емханаға тіркелген адамдарға қызмет көрсетеді. Негізінен шақыртулар төртінші санат, яғни коронавирус инфекциясын жұқтыру ықтималдылығы бойынша көп түседі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мекеменің бас дәрігері Алтыншаш Табулдина осылай деді.

Оның айтуынша, қосымша мобильдік бригадалар да тартылып отыр. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясына қатысты сұрақтар бойынша консультация беруге резервтегі дәрігерлер де үлес қосуда. Олар симптомсыз науқастармен де, коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандармен де қашықтан жұмыс істейді.

«Коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандарды, 65 жастан асқан адамдарды, созылмалы аурулары бар және есепте тұрған науқастарды қашықтан бақылаймыз. Мобильдік бригадалар олардың үйлеріне барып, қызмет көрсетеді. Ал пациенттің жағдайы өзгерсе, орта медицина қызметкерінің орнына, дәрігер барады», - деді Р.Табулдина.