Астық сақтайтын орын бар. Орталық коммуникациялар алаңында бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров астық сақтайтын жалпы сыйымдылықтың жеткілікті екендігін атап өтті. Республикада астық сақтаудың жалпы сыйымдылығы 28 млн тоннадан асады. Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына 1,3 млн тонна астық, оның ішінде 921 мың тонна бидай түсті. Бұл әзірге барлық тартылған көлемнің 11% ғана. Жалпы, елімізде 10,5 млн га егін алаңы жиналып, 12,2 млн тонна астық бастырылды.

«Сақтауға келіп түскен 897,6 млн тонна жұмсақ бидайдың 76,8%-ы сапасы 1-3 сұрыпқа, 12,7%-ы 4-сұрыпқа сәйкес келеді. Айта кетейік, астықты қабылдау кәсіпорындарына негізінен ылғалдылығы жоғары, арамшөбі бар кептіру мен өңдеуді қажет ететін астық тасымалданады. Дегенмен, биылғы егіннің сапасына баға беру әлі ерте, өйткені астық қабылдау пункттеріне егіннің аз ғана бөлігі жеткізілді. Бұл факторлар қазіргі уақытта жаңа егіннің сапасына нақты баға беруге мүмкіндік бермейді», - деді АШМ өкілі.