ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметі алаңында «Короновирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай» туралы баспасөз конференциясы өтті. Шараға ҚР инфекциялық аурулардың жетекші маманы, профессор Динагүл Баешева және Ухань қаласынан келген, карантиннен шыққан студенттер қатысты.

Динагүл Баешеваның айтуынша, короновирус Қазақстанда тіркелген жоқ. Дегенмен, әлемде қауіпті жағдайда әлі де бар. Қытайдың өзінде қазіргі танда 70 000 мыңнан астам адам осы ауруға шалдыққан. Бірақ медициналық шаралардың нәтижесінде аурырған адамдар саны азаюда.

«Короновирусқа қарсы дәл қазір қолданылып жатқан вакцина жоқ. Біздің медицинамыз толық қанды вакцинаны тапқан жоқ. Бірақ вакцинаның негізі қандай болу керек екені табылып, генеологиялық және генетикалық структарасы зерттелуде. Қытайлықтар осы вакцинаға қарсы таблетка ойлап тапты деген жақсы жаңалық естідік, жақын арада бәрі жақсы болады деп үміттенеміз»,- деді спикер.

Бүгінгі күні жақсы жаңалықтардың бірі, Қытайдан келген қазақстандықтар Нұрсұлтан қаласының көп салалы ауруханасында толық тексеруден өтіп, короновирус белгілері анықталмай, карантиннен үйлеріне шығарылған. Карантиндік қаладан келген студенттер Уханьда эпидемия кезінде осындай дүрлікпе болған жоқ. Әлеуметтік желілерде адамдардың супермаркеттердегі нанның бір бөлігі үшін соқтығысқан видеоларын көрдік. Алайда бұл Қытай Жаңа жылы кезіндегі жалғыз оқиға болған дейді студенттер.

Сондай-ақ, жапондық лайнердегі 4 қазақстандықтың жағдайы туралы хабарланған болатын. 19 ақпан күні олар анализ тапсырып, 14 күн карантин режимінде болады. Әрі қарай Короновирустық инфекция байқалмаса, отандастар Қазақстанға оралатын болады.