Туристік саланың кадрлық әлеуетін дамыту үшін Түркістанда халықаралық туризм және спорт университеті ашылады. Бұл туралы халық алдындағы есепті кездесуде мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді.

Оның айтуынша, оқу орны Орталық Азиядағы алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі болмақ. Университет туризм, спорт саласында, қолөнершілік және реставрациялау бағыттары бойынша жоғары білікті мамандар даярлайтын болады.

Сондай-ақ, спикер бүгінгі таңда Қазақстанның туристік картасы қалыптастырылғанын, онда негізгі турдестинацияның ТОП-10 орны анықталды. Қазақстанның ТОП-10 туристік орындарының қатарында Бурабай, Баянауыл, Алакөл, Балқаш, Каспий теңізінің жағалауы абаттандырылады. Бұл ретте негізгі туристік бағыттарда 260-тан астам қазіргі заманғы санитарлық тораптар салынатын болады.