Үстіміздегі жылдың шілде-тамыз айларында ТЖК қызметкерлері 400-ден астам жылумен жабдықтау нысанын тексерді. Оның ішінде, тек 73-і ғана жаңа жылыту маусымына толық дайын болып шықты. 344 объектіде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 1564 жағдайы анықталды. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин осындай статистиканы келтірді. Оның айтуынша, тәртіп бұзушыларға кемшіліктерді жоюға уақыт берілді, ал түзетілмесе істер сотқа жіберіледі. Неге?

«Төтенше жағдай орын алған жағдайда көптеген азаматтар электр қуаты мен жылусыз қалуы мүмкін, осылайша халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді, сондай-ақ әлеуметтік шиеленіс туындайды. Осы кәсіпорындардың бәрінде оқу-жаттығулар мен тренингтер өткіздік, 3 мыңнан астам қызметкер қамтылды», - деп атап өтті Ю. Ильин өрттің алдын алу айлығының 15 қыркүйекте аяқталмайтын айта отырып. Себебі, әлі де атқарар жұмыстар көп.