Құрметті БАҚ өкілдері!

15 мамыр күні сағат 12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан бойынша көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында "Анашым, біз үйдеміз" жобасы туралы баспасөз-конференциясы өтеді.

СПИКЕРЛЕР:

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ «31 арна» бас директоры Юрий БРОДСКИЙ.

Бүкіл Қазақстан бойынша көпбалалы отбасыларды қолдау аясында көптеген отбасылардың өз үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы армандарын орындауға бағытталған «Анашым, біз үйдеміз» телевизиялық жобасы жүзеге асырылатын болады. Көрермендердің көз алдында көпбалалы отбасылардың қарапайым пәтерлері мен үйлері жаңа көрініс табады және жайлы өмір сүруге әлдеқайда қолайлы, әрі ыңғайлы болады. БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 15 мамыр күні сағат 11:00-ге дейін хабарласуға болады.