Құрметті БАҚ өкілдері!

2019 жылғы 15 мамырда сағат 16:20-да Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ХІІ Астана экономикалық форумын өткізу аясында «Қазақстан және жаһандық әлем: сын-қатерлері мен мүмкіндіктері» атты арнайы шолулық зерттеудің таныстырылымы өтеді.

СПИКЕРЛЕР:

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы Ерлік ҚАРАЖАН. Әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жанындағы су мен табиғи апаттар жөніндегі кеңесшісі, ХІІ АЭФ спикері Рае Квон ЧУНГ. Мемлекеттік органдар мен секторға қызмет көрсететін PwC жаһандық тәжірибесінің басшысы, PwC серіктесі Хазем ГАЛЯЛЬ. «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Талдау және әлемдік экономика орталығының директоры Айбол АРҒЫНҒАЗИНОВ. «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Талдау және әлемдік экономика орталығының жетекші сарапшысы Күлжан МҰХТАР. БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 15 мамырда сағат 15:00-ге дейін хабарласуға болады.