«Себебі, ол патогенділіктің екінші деңгейіне, қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді. Биологиялық қауіпсіздік институтының жобасы инактивтендірілген технологиялар -патогенділіктің екінші санаты бойынша лицензияның болуын талап етеді, ресейлік технологияға келетін болсақ, ол аденовирус технологиясымен жасалады және вирустың толық ДНҚ-сы жоқ... Қазақстанда біз коронавирусқа қарсы вакцина өндіру үшін патогенділік деңгейі бойынша барлық талаптарға сәйкес келетін барлық өндірістік алаңдарға, ұқсас алаңдарға толық талдау жүргіздік, Қазақстанда ондай жоқ. Сондықтан Гвардейский ауылында зауыт салу туралы шешім қабылданды», - деп жауап берді Шоранов.


Вакцинаның құнына келетін болсақ, спикер өндірушілерден бағаны білгеннен кейін көпшілікке жария етуге уәде берді.