БҚО-да құрылған қоғамдық штаб өкілдері эвакуациялық пунктердегі азаматтармен кездесті. Оларға барлық қажетті жағдай жасалды. Мұғалімдер сабақтарын онлайн форматта жүргізіп жатыр. Тамақтану мәселелері шешілді. Тұрғындарға медицина және құқық қорғау мамандары тәулік бойы қызмет көрсетуде. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша директоры, облыстық қоғамдық штабының мүшесі Надир Құрымбаев ОКҚ брифингінде айтты. 

«Орал қаласының әкімдігімен бірлесіп, «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ қызметкерлерін сол жерлерде орналастырып, барлық кеңесті беріп жатыр. Құжаттары суда қалып қойған азаматтардың өтініштерін қабылдап, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы оларға құжаттары беріліп жатыр. БҚО-да Batys Today боты арқылы халыққа қажетті барлық ақпарат беріліп отыр», – деді спикер.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда Жайық өзеніндегі жағдай қалыпты. Судың деңгейі көтеріліп жатқаны байқалмайды.