Су тасқыны басталғалы бері өңірде 13 771 адам эвакуацияланды, оның ішінде 6 мыңға жуығы бала.

«Бүгінгі таңда облыс бойынша 16 эвакуациялық пункте 2323 адам орналасты. Оларға қажетті заттар мен азық-түліктер уақытылы жеткізіліп жатыр. Өңірдегі су тасқынына қарсы іс-шараларға облыстан және абсқа да аймақтардан 10444 адам және 2094 бірлік техника, оның ішінде 1166 арнайы техника жұмылдырылды», - деді спикер.

Сонымен қатар, су тасқынының екінші кезеңіне дайындық күшейтілді. Ресейдің Орынбор облысынан келе жатқан сулар Жайық өзені арқылы өтіп Каспийге бет алады. Сол себепті өзен бойындағы 4 ауданның 80 астам елді мекені және Орал қаласының шағын аудандарын су басу қаупі бар. Қазіргі уақытта Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарымен Орал қаласында су тасқынына қарсы жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Тұрғындар хабарландырылуда.