Журналистің сұрағына әкім биыл Семей қаласы бойынша 60 шақырым жол жөнделетінін атап өтті. Жолдардың сапасына келетін болсақ, Автомобиль жолдары комитетінің жанында 90 млн теңгеге шарт жасалған РМК бар, олар сметалық құжаттаманы және материалдардың сәйкестік сапасын тексерумен айналысады.

«Менің ойымша, бұл өте жақсы тәжірибе, мен оны Аягөзде көрдім, бірдеңе жасалып жатқанда жергілікті тұрғындар оның сапасын өздері бақылайды. Яғни, ақсақалдарды жинап, «қараңыздар, мұндай жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, сіздер «иә - жасалды, иә – сапалы, иә – аяқталды» десеңіздер, біз қабылдаймыз» дейді. Сондықтан, менің ойымша, біз бұл тетікті міндетті түрде қолданамыз. Сонымен қатар біздің қала тұрғындары өте белсенді. Биыл жолдардың сапасына қатысты мәселе туындамайды деп ойлаймын. Сонымен қатар биыл жасалатын жолдар жаяу жүргіншілер жолдарымен бірге салынады», – деп түсіндірді Н. Ұранхаев.

Ол сондай-ақ облыстық және жергілікті маңызы бар жолдарға 9,9 млрд теңге бөлінгенін, бұл жолдар сапалы салынатынын айтты.

ШҚО бойынша Алакөлге апаратын жолдың жай-күйі туралы тағы бір журналистің сұрағына жауап бере отырып, әкім «Омбы-Майқапшағай» жолының бұл бөлігі 2025 жылы толығымен аяқталады деп жауап берді.

«Қазіргі уақытта бізде Алакөлге дейін, бұл Аягөздің артындағы шағын учаске, онда шамамен 30 км және 92-ші шақырымнан бастап – 90 км жерде осындай, жол нашар, қалғаны жөнделуде. Мен Автомобиль жолдары комитетінде сөйлестім, олар жолды биыл ашуға, келесі жылы жолды толығымен аяқтауға уәде берді», – деді әкім.

Ол сондай ақ бүгінгі күні Семей қаласынан Алакөлге ұшақтар жиі ұшатынын атап өтті. Үржардың ұшу-қону жолағы бар, әуежай дайын. Терминалды да ауыстыруды жоспарлап отырмыз, сондықтан Алакөлге ұшақпен ұшуға болады, деп қорытындылады облыс басшысы.