Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров қолданыстағы заңнамаға сәйкес Президентке 2018 жылғы өз мекемесінің жұмысы туралы есепті ұсынды.
Аталған құжат қаралған азаматтардың арыз-шағымдарын, мониторингтік қызмет нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылын негізінде жасалған Қазақстандағы адам құқықтары жағдайының талдауы болып табылады.
Есеп ұлттық құқық қорғау мекемесі қызметінің нәтижелері, өзекті құқық қорғау мәселелері, сондай-ақ оларды қорғау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қамтиды.
Мемлекет басшысының қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға қажетті тапсырмалар берілді.