Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин ресми сапармен Тәжікстан Республикасына барды, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Душанбеде Қазақстан Премьер-Министрі Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді. Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

«Қазақстанда Сіздің құрметті қонақ ретінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық отырысқа қатысқаныңызды жылылықпен еске алады, - деді Асқар Мамин.

Сонымен қатар, ТР Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен үкіметаралық келіссөздер өтті. Келісөздер барысында қазақстандық-тәжікстандық ынтымақтастықты тереңдеу келешегі қаралды. 2018 жылы елдердің екіжақты сауда көлемі 8,2%-ға артты, сауда айналымы $900 млн құрады. Сонымен қатар, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы автомобиль көлігімен экспорттық-импорттық тасымалдау көлемі 2,9 есе өсіп, 16,9 млн тоннаны құрады.

Тәжікстан Премьер-Министрі Кохир Расулзода Қазақстанның тауар айналымы бойынша Тәжікстанның екінші серіктесі болып отырғанын айтты.Сонымен қоса, Қазақстанның Тәжікстанның басты сауда серіктесіне айналуы бойынша зор перспективалар бар. Осы мақсатта Қазақстан және Тәжікстан Үкіметтері алдағы 3-4 жылда өзара сауда көлемін $2 млрд-қа дейін арттыру үшін жұмыстар жүргізуде.

Тараптар қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемін арттыру және номенклатурасын кеңейту бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды жалғастыру ниетін растады. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік кооперация, энергетика, көлік және коммуникациялар салаларындағы инвестициялық өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге көңіл бөлінді.

«Біз біздің инвестициялық ынтымақтастығымызды бірлескен инвестициялық жобаларды жасау арқылы арттыруға әзірміз», - деді Асқар Мамин.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Тәжікстанға ресми сапары аясында жалпы сомасы $80 млн-нан асатын, қазақстандық-тәжік ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған 11 құжатқа қол қойылды:

Want to be always up to date with all the briefings?
Subscribe to our телеграммадағы арна!

Первый заместитель Премьер-Министра - министр финансов РК Алихан Смаилов:

«Если касается только списания потребительских кредитов, то это акция одноразовая, такого мы больше не планируем делать. Что касается в целом социальной поддержки, то да, наша социальная поддержка должна быть направлена на то, чтобы граждане в определенной тяжелой жизненной ситуации могли получить поддержку с тем, чтобы далее трудоустроиться и получать уже стабильные доходы»

Премьер-Министр РК Аскар Мамин:

«С 1 сентября будет дополнительно выделено 5 тыс. целевых образовательных грантов для детей из малообеспеченных и многодетных семей, на 30% повышена стипендия по рабочим специальностям»

52,9 млрд кВт/ч электроэнергии произведено в Казахстане

37,9 млн тонн нефти добыто в Казахстане в I полугодии