Оның көмегімен бос жұмыс орындары, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған пайдалы ақпаратты табуға болады.
Елорданың Жұмыспен қамту орталығында қызметтерді қашықтықтан көрсететін пунктердің саны арттырылады деп жоспарлануда, деп хабарлады ortcom.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
"2018 жылы орталықта бейне байланыс арқылы қызметтерді қашықтықтан көрсететін 4 пункт ашылған болатын. Биыл мұндай пунктердің саны арттырылады деп жоспарлануда", - делінген жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының хабарламасында.
Бұдан бөлек, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған "CZ Astana" мобильді қосымшасы іске қосылды.Оның көмегімен бос жұмыс орындары туралы ақпаратты, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған пайдалы ақпаратты тауып қана қоймай, тіркелушілер өзінің қай мамандыққа икемі бар екенін тексеруге болады.
Мұнымен қоса, enbek.kz порталы жұмыс істейді.