ОКҚ алаңында Мемлекет басшысы тапсырмасын іске асыру аясында ҚР Бас прокуратурасы тарапынан ауыр қылмыстар үшін жазаны қатайту туралы заң жобасын әзірлеу бойынша баспасөз маслихаты өтті. Жаңа заң жобасына енгізілетін нормалары жайында толығырақ Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов айтып өтті.
ҚР Бас прокуратурасының ақпараты бойынша жаңа заң жобасының нормаларына сәйкес қолданыстағы заңнамаға келесі өзгерістер енгізіледі:
- мал ұрлығы үшін жаза 10 жылға дейін артады;
- ұрлық, тонау және қарақшылық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру 10 жылға дейін артады;
- интернет арқылы есірткі таратқаны үшін қылмыстық жаза қарастырылуда
- зорлау ауыр қылмыс санатына ауыстырылады;
- жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері ауыр қылмыстар санатына ауыстырылыды;
- зорлағаны үшін бас бостандығынан айыру 8 жылға дейін артады;
- жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері үшін бас бостандығынан айыру 8 жылға дейін артады;
- екі және одан да көп кәмелетке толмаған адамды зорлағаны үшін жаза мерзімі 20 жылға дейін бас бостандығынан айырады;
- кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін жазасын өтеген адамдарға әкімшілік қадағалау мерзімі 5 жылға дейін артады.
Жаңа заң жобасының маңызды ерекшелігі-браконьерлік үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту. Мәселен, жаңа нормалармен қарастырылған:
- заңсыз аң аулағаны үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
- бірнеше рет браконьерлік жасағаны үшін бас бостандығынан айыру мерзімін 4 жылға дейін ұлғайту;
- жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қатысты зорлық-зомбылық қолданғаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
«Браконьерлік-қылмыстық теріс қылық емес, ол бойынша татуласу немесе залалды қалпына келтіру мүмкін емес орташа немесе ауыр қылмыс», - деді Марат Ахметжанов