2018 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Дәрілік заттардың бағасын реттеу рәсімі ресми жарияланған күнінен бастап 3 айдан кейін күшіне енеді.

«Үстеме бағалардың регрессивтік шкаласы арқылы дәрілік заттарды көтерме және бөлшектеп сатуды одан әрі реттей отырып, өндірушінің бағаларын тіркеудің референттік елдердің тұтынушылық орамасының бағалары негізінде жүргізіледі. Жаңа баға белгілеу қағидалары шеңберінде өтеу бағаларын референттеу және фармакоэкономикалық деректерді бағалау арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларының негізділігіне экономикалық сараптаманы күшейту көзделеді», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова.

Өз сөзінде Людмила Бюрабекова заңнама қабылданған түзетулер дәрілердің халықтың барлық топтары үшін экономикалық қолжетімдігін арттыру және дәрілік қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік алымдарды төмендету мақсатында әзірленгенін атап өтті.

«Дәрі-дәрмектердің бағасын оларды көтерме және бөлшектеп сату кезінде реттеуге мүмкіндік беретін механизмдер енгізілетін болады. Дәрілік заттардың бағаларын қалыптастырудағы жоспарланып отырған өзгерістер бағаларды реттеудің 4 деңгейін көздейді – өндірушінің, көтерме сауданың, бөлшектеп сату, сондай-ақ ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде сатып алу деңгейінде», - деді Фармация комитетінің төрағасы.

Сондай-ақ, оның айтуынша барлық мүдделі тұлғалар үшін бағалар туралы ақпараттың қолжетімдігін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың тіркелген және шекті бағаларының тіркелімі құрылатын болады.

Қазіргі кезде Денсаулық сақтау министрлігі тиісті қағидалар әзірлеуде, ал бағаларды тіркеуге арналған өтінімдерді берудің барлық процесі Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының сайтында электрондық форматта жүргізілетін болады, онда қазіргі кезде ақпараттық жүйе әзірленді және тесттік режимде іске қосылды.