Жобадағы барлық шығармалар «Qazaqstan» Ұлттық арнасының «Алтын қорына» енеді.

«Ұлы дала сазы» жобасы 2018 жылдың қараша айында түсірілген болатын, бұл жобада 177 шақты шығарма жазылып, еліміздің барлық аймақтарынан 91 өнерпаз қатысты. Оның ішінде 16 термеші, 34 күйші, 39 әнші, 2 жыршы өз өнерін көрсетті», - деп мәлімдеді «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы Ерлан Қарин.

Сонымен қатар, осы жылдың наурыз айында бірінші түсірілімге қатыса алмаған бірқатар өнерпаздарды тағы да таспаға түсіруді жоспарлауда.

Айта кетейік, Ұлттық арнадағы «Ұлы дала сазы» жобасына еліміздің дәстүрлі өнер майталмандары Секен Тұрысбеков, Қажыбек Бекбосынов, Біләл Ысқақов, Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейісова және т.б қатысады. Музыкалық жобада қазақ халқының әндері мен қазақ композиторларының шығармалары орындалатын болады.