Қазақстандағы қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайындың соңғы көрсеткіштері туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Өткен аптада қызылша ауруымен науқастанудың азайғандығы байқалды. Егер Алматы қаласын алатын болсақ, өткен аптада, яғни, егер 21 қаңтардан алсақ, қызылшамен ауыру жағдайы азайды. Күн сайын 9-11 аудандарда ауыру жағдайы болған жоқ. Астана қаласында осы кезеңде аурудың күнделікті көрсеткіші 2 есе азайды. Бұл өте жақсы көрсеткіштер», - деді Ж. Бекшин.
Сонымен қатар, қызылшамен ауырғандардың басым көпшілігі қызылшаға қарсы екпе алмағандар екенін атап өтті. Соның ішінде екпе алу жасына толмаған, яғни, 6-8 айлық балалар.