«Тең IT мүмкіндіктер әлемі» жастар лагері» жобасының ең үздік түлектері жоба серіктестерінің біріне жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.
«Бұл лагерь тек көп модульді оқыту курсы емес, сонымен қатар IT саласындағы тәжірибе мен біліміне ену. Бағдарламалау, веб-дизайн, жобаларды басқару, веб-жасақтау, үлкен массивті ақпараттармен жұмыс істеу, көшбасшылық құзыреттерін дамыту, шешендік, командалық құру саласындағы ең үздік сарпашылардан және қоғамның өзекті мәселелерін шешуге арналған заманауи технологияларды қолданатын әлеуметтік танымал спикерлердің және қанаттандыратын бастамаларды жасаушылардың дәрістерінен тұратын кіріспе курсы», - деп атап өтті «Ерекше Таңдау-Шелек» КҚ «Мойымайтын Мүгедектер Қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің бағдарламалау директоры Захира Бегалиева.
Бағдарламаның қорытындысы бойынша шағын гранттар беріледі.
«Тең IT мүмкіндіктер әлемі» жастар лагері» жобасының ең үздік түлектері жоба серіктестерінің біріне жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады», - деді Захира Оңғарбайқызы.
Айта кетсек, жобаны «Ерекше таңдау Шелек» Корпоративтік қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесіп жүзеге асырды.
Жоба мүмкіндігі шектеулі жастардың IT бағытындағы біліктілігі мен құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Жобаның бірінші кезеңі өтінім қабылдау болып табылады, Қазақстанның барлық өңірлерінен 16 мүмкіндігі шектеулі қатысушы іріктеледі. Жастар IT-лагерінің конкурстық іріктеуінен өткен қатысушылар 4 күн ішінде бағдарламалау, өз жобаларын орау, көшбасшылық бағыт және кәсіпкерлік негіздері саласында білім алады. Лагерь аясында әлеуметтік салаға арналған IT жобалар конкурсы өткізіледі, олардың ішіндегі үздіктері әлеуметтік бағдарланған IT жобаларын іске қосу үшін қажетті техникалық жабдықтар түрінде гранттық қолдауға ие болады. Әрбір жобаға ментор бекітіледі.