Серікжан Мәулетбайдың мәселесі ("Informburo"): 2019 жылғы 27 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне «Көк Жайлау» курортының құрылысы бойынша барлық тендерлерге аудит жүргізу тапсырылғанын хабарлады. Бүгінгі таңда бұл аудиттің нәтижелері жоқ. Тергеу қай кезеңде және нәтижелері қандай? Қандай нақты заң бұзушылықтар анықталды?
ҚР Қаржы министрлігінің жауабы: Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2020 жылдың маусым айында Алматы қаласының энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасында "Көк-Жайлау" курортын салу жобасына бөлінген қаражатты пайдалану аудитіне қатысты аудиторлық іс-шара (ішкі мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 01.11.2017 жылдан бастап 31.05.2020 жылды қоса алғанда) жүргізілгендігін хабарлаймыз.
Аудит нәтижелері бойынша "Көк Жайлау" тау курортын сыртқы электрмен жабдықтау үшін электр желілерін салу кезінде тапсырыс берушінің бас мердігер "Электрокабель зауыты" ЖШС-не бақылау және желілік кәбіл үшін шеткі бітемелерді, электр пештерін орнату үшін рамаларды монтаждау, жылыту, газбен жабдықтау және кәріз құбырларын төсеу, клапандарды орнату бойынша нақты орындалмаған жұмыс көлемі үшін жалпы сомасы 741,3 мың теңге (бұзушылықтар 2019 жылдың сәуір айында жасалған) ақы төлеу фактілері анықталды.
Қабылданған ден қою шараларымен (аудит объектісіне анықталған бұзушылық фактілерін жою және бұзушылыққа жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жіберілді), анықталған бұзушылық фактілері 741,3 мың теңгеге жұмыстарды орындау жолымен жойылды. Лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Басқарманың энерго-жылумен жабдықтау бөлімінің бас маманы Р.О.Кемелбаев сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, аудит материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жіберілді.