Оксана Скибанның сұрағы («Zakon.kz»): Парламенттің бір депутатына айына қанша қаржы жұмсалады және олар үшін не сатып алынады? Тіпті тарақ та сатып алынады деп естідім?

ҚР Қаржы министрлігінің жауабы: мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады (ҚР Үкіметінің 16.10.2017 ж. № 646 ҚБП қаулысымен бекітілген).

Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларының 25-тармағына сәйкес (ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1196 қаулысымен бекітілген) (бұдан әрі - Қағидалар), «ҚБП» белгісі бар құжаттар мен басылымдарды Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына беру таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтау шартымен және беру кезінде немесе ілеспе құжаттарда хабарланатын осы ақпаратты ашпаудың басқа да шарттарымен жүзеге асырылады.

Қағиданың 37-тармағына сәйкес таратылуы шектеулі құжаттар мен басылымдардан алынған мәліметтерді жария сөз сөйлеу немесе ашық баспасөзде, радио және теледидар хабарларында жариялауға жол берілмейді. Осыған байланысты осы сауалыңыз бойынша ақпарат ұсыну мүмкін емес.