Айнара Байжан сұрағы (Strategy2050):
Қаладағы 57 мектепте балалардың Сан-Сиро футбол клубы бар. Ата-аналар қаланың әр жерінен ойын алаңын (поле) іздеп, жалға алады. Жаттықтырушыға да төлейді. Осындай клубтарға неге көмек жоқ?
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауабы:
Көтеріліп отырған мәселе қазіргі таңда өзекті болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында бұқаралық спортқа көңіл бөлу жөнінде айтылды.
Алайда жалпы білім беру мектептер жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жататынын ескере отырып, аталған мәселе бойынша тиісті әкімдікке хабарласуыңызды жөн деп санаймыз. Министрлік өз кезегінде тиісті көмек көрсетуіне әзір екенін хабарлаймыз.